Қазақстанға есірткі жеткізу арнасы жойылды

© Sputnik / Тимур БатыршинЗдание департамента КНБ РК по городу Алматы
Здание департамента КНБ РК по городу Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға есірткі заттарын жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Операцияны ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен жүзеге асырды.
"21 маусымда Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды", - деп жазылған хабарламада.
Есірткі арнасын осындай қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемесінде отырған шетел азаматы ұйымдастырған.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйелері департаментінің көмегімен сотталушының жойылған есірткі арнасына қатысы бар екендігі анықталып, құжатталды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге де ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0