Қайрат Нұртас ісі: төбелестің мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Жәбірленушінің айтуынша, әнші оның келісіп қойған тойына бармай қойған, жанжал содан шыққан
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Сотта Қайрат Нұртасқа қатысты істің мән-жайы жария болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Процесті Астананың әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.
4 маусымда сағат 20:00 шамасында Қайрат Нұртас "Астана - Алматы" бортында өзінің досы Асылбек Бекқайыров есімді адамды ұрған. Оған медициналық сараптама бойынша жеңіл дәрежедегі зақым келген.
Сотта Қайрат бірінші болып таяқ жегенін айтты.
"Жәбірленуші мен, мені бірінші ұрды. Неге мені кінәлағанын түсінбей тұрмын. Таңғалып отырмын. Сот медициналық сараптамадан өттім, жеңіл жарақат алғаным туралы жазылған", - деді Қайрат Нұртас.
Бекқайыров Нұртасқа талап арызы жоқ екенін айтты. Өйткені бітімге келу туралы өтініш берген.
"Қазіргі уақытта Қарат Нұртасқа ешқандай талап арызым жоқ" - деді ол.
Ал екінші хаттама Әкімшілік кодекстің 434-бабы 2-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша қаралды.
"Досым тойға шақырды, мен бара алмаймын деп, оны боқтап жібердім. Бекқайыров мені неге боқтайсың деп басымнан екі рет ұрды. Мен де ұрдым. Ол тағы соққы жасады. Жауап қайтармадым. Барып отырдым. Мен тәртіп бұзған жоқпын. Бекқайыровқа жарақат келтіргенім рас. Жарақатты бәріміз алдық. Халықтан ұялғанымнан тыныш отырдым. Ұшақта жанжал болғаны рас, бірақ мен үндеген жоқпын. Екінші хаттамадағы айыпты мойындамаймын", - дейді Қайрат Нұртас.
Қайрат Нұртас прокурорға "неге мені ғана кінәлі етіп сұрап отырсыздар" деп шағымданды.
Ал Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова Бекқайыровтың Қайраттың досы екенін айтты.
"Бұл екеуі дос болған, біздің үйге талай келіп, дастарқанымыздан дәм татқан адам", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
"Асылбек, кінә екеуіңнен де бар. Сен де өтірікті көп айтасың. Екеуің де боқауыз сөз қолданасыңдар. Асылбек, сен де менің баламдайсың, жылдап үйімде жүрген адамсың. Масқара болмай мына істі тоқтатыңдар", - деді сотта Қайрат Нұртастың анасы.
Бекқайыровтың айтуынша, әнші келісіп қойған тойына бармай қойып, жанжал содан шыққан. Екеуі әуежайда кездесіп қалып, сол жерде төбелесіп қалған.
Жарыссөзде "мені жазаласаңыздар тек айппұл салыңыздар, қаншама концерт, тойларым бар, құрметті сот мырза. Барлық айыппұлды төлеймін", - деді Қайрат Нұртас.
Қайраттың қорғаушысы екінші хаттама Әкімшілік кодекстің 434-бабы 2-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" туралы айыпты алып тастауды өтінді, өйткені бұл бап бойынша ешкімнен арыз-шағым түспеген.
Сот қаулысы бүгін сағат 14:30-да жарияланады.
Жаңалықтар
0