https://sputnik.kz/20240705/qamshybek-qonqabaevqa-pater-berildi-45489098.html
Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер берілді
Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер берілді
Sputnik Қазақстан
Қамшыбек Қытайда өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді 05.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-05T11:26+0500
2024-07-05T11:26+0500
2024-07-05T11:28+0500
бокс
пәтер
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1e/38905147_0:57:1080:665_1920x0_80_0_0_d0ec42a848c670c8c06771457609137c.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер кілтін табыстады, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.Еске салсақ, Қамшыбек Ханчжоу (Қытай) қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.Аймақ басшысы боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.Ол чемпиондарға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артатынын атап өтті."Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Арқа сүйейтін, тілеуіңді тілейтін қалың еліңнің, жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік", – деді әкім.Ал спортшы Олимп шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.Аймақ спортшылары жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттары мен кубоктерінен 61 медаль жеңіп алды. Әзірге қызылордалық спортшылар қоржынында Париж олимпиадасының 7 жолдамасы бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1e/38905147_60:0:1021:721_1920x0_80_0_0_f8841bcdefc3ce503d70319e6a97e769.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бокс, пәтер
Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер берілді
11:26 05.07.2024 (жаңартылды: 11:28 05.07.2024) Қамшыбек Қытайда өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер кілтін табыстады, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қамшыбек Ханчжоу (Қытай) қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.
Аймақ басшысы боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.
"Қамшыбек, біз сені мақтан тұтамыз! Бүгінгі жеткен биігің – жастайыңнан осы спорт түрін таңдап, табандылық танытқан қажырлы еңбектің нәтижесі, ата-анаң, жанкүйерлердің тілегі мен батасының арқасында деп білеміз. Әрбір сырбойылық спортшының жетістігіне қуанамын. Ел спортының мәртебесін асқақтатып, халықтың рухын көтерген жеңіс үшін барша Сыр жұртшылығының атынан алғыс білдіреміз", - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Ол чемпиондарға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артатынын атап өтті.
"Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Арқа сүйейтін, тілеуіңді тілейтін қалың еліңнің, жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік", – деді әкім.
Ал спортшы Олимп шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Аймақ спортшылары жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттары мен кубоктерінен 61 медаль жеңіп алды. Әзірге қызылордалық спортшылар қоржынында Париж олимпиадасының 7 жолдамасы бар.