Өткен айда Қазақстан шекарасында 4 300-ден астам адам ұсталды
12:47 05.07.2024 (жаңартылды: 12:49 05.07.2024)
© Photo : Погранслужба КНБ КазахстанаПограничники
© Photo : Погранслужба КНБ Казахстана
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. 2024 жылдың маусым айында шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 337 адам ұсталды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.
Соның ішінде:
55 шетел азаматы шекараны бұзғаны;
35 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін ұсталды.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 639 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды, соның ішінде:
46 – есірткі заттары, жалпы салмағы 14 кг жоғары;
48 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (1 дана ату, 6 дана зақым келтіру және 459 дана суық қарулары, 172 дана оқ-дәрі);
30 – діни әдебиет (692 дана);
553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (45 000 литрден астам);
726 – жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
236 – жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 34 браконьерлік фактінің алды алынды, сондай-ақ:
18 дана жүзу құралы;
жалпы ұзындығы 32,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралы;
20 дана (71,3 кг) бекіре тұқымдас балық;
12 905 дана (24 896 кг) таза тұқымдас балық;
47 дана суда жүзетін тасбақа;
9 дана суда жүзетін құс;
1 дана каспий итбалығы.
Алды алынған залал сомасы 147 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.