"Көзге көрінбейтін" тікұшақтар, Димаш пен қола Самұрық: Астанадағы ШЫҰ саммиті – фото
"Көзге көрінбейтін" тікұшақтар, Димаш пен қола Самұрық: Астанадағы ШЫҰ саммиті – фото
Sputnik Қазақстан
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті. Жиынға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер... 05.07.2024, Sputnik Қазақстан
Саммит елордадағы Тәуелсіздік сарайының қабырғасында өтті. Ұйымның өкілдік форумы алғаш рет ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және "ШЫҰ плюс" отырысы форматында ұйымдастырылды.Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түркіменстанның мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ШЫҰ бас хатшысы. және ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымның атқарушы директоры қатысты.Саммитке сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және ИАҚҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.Кездесу нәтижесінде Астана декларациясына қол қойылып, бірқатар маңызды құжаттар қабылданды.Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешім тарихи болды.ШЫҰ-ға төрағалық ету Бейжіңге өтті.Саммиттің маңызды сәттерін сипаттайтын суреттерді топтамадан көріңіздер.
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті. Жиынға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары мен ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органдарының басшылары қатысты
Саммит елордадағы Тәуелсіздік сарайының қабырғасында өтті. Ұйымның өкілдік форумы алғаш рет ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және "ШЫҰ плюс" отырысы форматында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түркіменстанның мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ШЫҰ бас хатшысы. және ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымның атқарушы директоры қатысты.
Саммитке сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және ИАҚҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
Кездесу нәтижесінде Астана декларациясына қол қойылып, бірқатар маңызды құжаттар қабылданды.
Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешім тарихи болды.
ШЫҰ-ға төрағалық ету Бейжіңге өтті.
Саммиттің маңызды сәттерін сипаттайтын суреттерді топтамадан көріңіздер.
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Ақорда резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Президенттік полктің құрметті қарауыл ротасының сарбаздары ШЫҰ саммиті кезіндегі мемлекеттік деңгейдегі салтанатты және хаттамалық іс-шараларға қатысып, мәртебелі қонақтарды қарсы алып, қорғады.
Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөздері нәтижесінде Қазақстан мен Қытай министрліктер, ведомстволар мен компаниялар арасында өзара түсіністік туралы 31 меморандумға қол қойды.