https://sputnik.kz/20240705/eo-dagy-toragalyq-ukraina-boyynsha-kelissoz-zhurgizuge-mandat-bermeydi--orban-45503082.html
ЕО-дағы төрағалық Украина бойынша келіссөз жүргізуге мандат бермейді – Орбан
ЕО-дағы төрағалық Украина бойынша келіссөз жүргізуге мандат бермейді – Орбан
Sputnik Қазақстан
1 шілдеден бастап Венгрия Еуропалық Одақ Кеңесіне жарты жыл төрағалық етеді 05.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-05T19:12+0500
2024-07-05T19:12+0500
2024-07-05T19:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
венгрия
украина
еуропалық одақ
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_c50b1b1c797f499496fc2dd62e14634f.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Венгрияның ЕО-ға төрағалығы оған Украина бойынша келіссөздер жүргізуге мандат бермейді, бірақ бұл келіссөздермен аяқталатын жолды бастауға тараптарды ынталандыруы мүмкін, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, деп хабарлады РИА Новости.Орбан сейсенбі күні Киевке соңғы 12 жылда алғаш рет барды. 1 шілдеден бастап Венгрия Еуропалық Одақ Кеңесіне жарты жыл төрағалық етеді.Оның айтуынша, Венгрияның "ықпалы жеткіліксіз", бірақ "бейбітшілікті қалайтын тараптар үшін құрал" бола алады. Сонда екі тарапты да "соңында атысты тоқтату және бейбіт келіссөздер жүргізу мүмкін болатын ұзақ жолға" жігерлендіреді."Мен соғыс немесе әскери қауіп төніп тұрған жерлерге барып, фактілерді анықтаймын, сұрақтар қоямын. Зеленскийге үш-төрт маңызды сұрақ қойдым: ол не ойлайды, ниеті қандай, бейбітшілік мүддесіне жету жолында қандай әрекетке бара алады? Егер мұны анықтамасақ, біз бейбітшілікке жақындай алмаймыз, өйткені бейбітшілік өздігінен келмейді", - деді Орбан.Оның айтуынша, "екі тарап та атысты тоқтату мүмкіндігін қарсы тарап өз пайдасына қолданады деп қорқады".
венгрия
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_10abe0b4b387bea2d4e6b13180469f87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
венгрия, украина, еуропалық одақ
венгрия, украина, еуропалық одақ
ЕО-дағы төрағалық Украина бойынша келіссөз жүргізуге мандат бермейді – Орбан
1 шілдеден бастап Венгрия Еуропалық Одақ Кеңесіне жарты жыл төрағалық етеді
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Венгрияның ЕО-ға төрағалығы оған Украина бойынша келіссөздер жүргізуге мандат бермейді, бірақ бұл келіссөздермен аяқталатын жолды бастауға тараптарды ынталандыруы мүмкін, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, деп хабарлады РИА Новости.
Орбан сейсенбі күні Киевке соңғы 12 жылда алғаш рет барды. 1 шілдеден бастап Венгрия Еуропалық Одақ Кеңесіне жарты жыл төрағалық етеді.
"Тағы да түсіндірейін, Венгрияның Еуроодаққа төрағалығы Еуроодақ атынан келіссөздер жүргізуге мандат бермейді. Бірақ біз қай тараптың қандай әрекетке баруға дайын екенін біле аламыз және содан кейін ЕО көшбасшылары бірлесіп шешім қабылдай алады. Сол шешімдерден кейін келіссөздер жүргізуге болады, өкінішке қарай, біз одан әлі алыспыз", - деді Орбан.
Оның айтуынша, Венгрияның "ықпалы жеткіліксіз", бірақ "бейбітшілікті қалайтын тараптар үшін құрал" бола алады. Сонда екі тарапты да "соңында атысты тоқтату және бейбіт келіссөздер жүргізу мүмкін болатын ұзақ жолға" жігерлендіреді.
"Мен соғыс немесе әскери қауіп төніп тұрған жерлерге барып, фактілерді анықтаймын, сұрақтар қоямын. Зеленскийге үш-төрт маңызды сұрақ қойдым: ол не ойлайды, ниеті қандай, бейбітшілік мүддесіне жету жолында қандай әрекетке бара алады? Егер мұны анықтамасақ, біз бейбітшілікке жақындай алмаймыз, өйткені бейбітшілік өздігінен келмейді", - деді Орбан.
Оның айтуынша, "екі тарап та атысты тоқтату мүмкіндігін қарсы тарап өз пайдасына қолданады деп қорқады".