Елорда тынысы

"Дрондар шоуы": Астанада арнайы Shuttle-автобустар жүреді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуСветовое шоу беспилотников
Световое шоу беспилотников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Дрондар шоуы Астана күніне ұйымдастырылған
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де "OPEN AIR" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15-те (22:30) "ASPAN" дрон-шоуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Әкімдіктің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы және қауіпсіз болу үшін Ұлы дала даңғылы – Түркістан – Т.Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінде қозғалыс шектеледі. Елордалықтар шектеулерді ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауы қажет.
Кептеліс тудырмас үшін жеке көліктен бас тартқан жөн, дейді қалалық әкімдік.
"Ыңғайлы болу үшін елорда әкімдігі 2 тегін автотұрақ дайындайды. Жүргізушілер бұл орындарға жеке көлігін қалдырып, концерт өтетін жерге жеткізетін арнайы автобустарға ("Shuttle Bus") отыруына болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін бұл автобустар адамдарды қайта жеткізіп тастайды", -деп хабарлады әкімдік.
© Photo : Пресс-служба акима АстаныОткуда и куда отправятся Shuttle автобусы в День столицы
Откуда и куда отправятся Shuttle автобусы в День столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Откуда и куда отправятся Shuttle автобусы в День столицы
Жеке көлікті қалдырып, автобусқа мінуге болатын орындар:
Бас мешіт тұрағы (Мәңгілік Ел көшесі, 65);
"Барыс Арена" тұрағы (Тұран даңғылы, 57).
Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады. Шоу демеушілердіңқаражатынанұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0