Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында үш адам қаза тапты

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаФасад здания министерства обороны
Фасад здания министерства обороны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Біреуі - әскери қызметкер
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында үш адам қаза тапты, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, олар кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газынан уланған.
Оқиға 5 шілдеде болған. Қайтыс болғандардың екеуі – жұмысшы және біреуі –келісімшарт бойынша әскери қызметші.
"Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болған. Оған көмекке барған тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмаған. Салдарынан үш адам сол жерде қаза тапты", - деп жазды ведомтво.
Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы ауыр.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетеді, дейді министрлік.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0