Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Түркия Азиямен қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылуда – Ердоған

© Sputnik / Sergei Bobylev  / Медиабанкке өтуПрезидент Турции Реджеп Тайип Эрдоган на заседании Саммита Шанхайской организации сотрудничества
Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган на заседании Саммита Шанхайской организации сотрудничества - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. "Азия қайтадан" бастамасы аясындс Түркия Азиямен қарым-қатынасын нығайтуға ұмтылуда. Бұл туралы Астанада өткен "ШЫҰ плюс" формаиындағы бірінші кездесуінде сөз сөйлеген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Осы бастама аясында біз Азиядағы консультация дәстүрінің өкілі және көпжақты диалог алаңы болып табылатын ШЫҰ-мен қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береміз", - деді Ердоған. 

Ол 2013 жылдан бері диалогтық серіктестік мәртебесінің арқасында ШЫҰ Түркия мен Азия арасындағы диалогтың маңызды арналарының біріне айналғанын айтты. 

"Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылы Түркия ұйымның энергетикалық клубының жоғары деңгейдегі тобының төрағасы болды. Ұйымға мүше емес мемлекет мұндай тапсырманы алғаш рет атқарды. Біздің еліміз лайықты түрде орындаған бұл жауапкершілік Түркияның ШЫҰ-мен қарым-қатынасының дамуы тұрғысынан өте құнды", - деді Түркия президенті. 

Түркия ұйымның Азиядағы көпжақтылық мақсатына үлес қосуды және көптеген салалардағы ортақ ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады, деді Ердоған. 
 "ШЫҰ плюс" форматындағы бірінші кездесуге 16 мемлекет пен үкімет басшылары қатысты.
Жаңалықтар
0