Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Тоқаев ШЫҰ-ның ықпалды ұйымға айналғанын мәлімдеді

© Photo : официальный сайт президента БеларусиУчастие в саммите Шанхайской организации сотрудничества
Участие в саммите Шанхайской организации сотрудничества  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Ұйым барлық Еуразия құрлығының даму бағдарын айқындап отыр, деді ол
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Бүгін Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ның ықпалды әрі беделді ұйымға айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаевтың айтуынша, 23 жылдың ішінде ұйым халықаралық қарым-қатынастар жүйесінде маңызды механизмге айналып, тұрақты өсім мен жалпыға ортақ прогреске өз үлесін қосып келеді.
"Біз саясат, қауіпсіздік, экономика мен мәдениет саласындағы жемісті әрекетпен барлық Еуразия құрлығының даму бағдарын айқындап отырмыз. Шанхай рухын және Шанхай қағидаттарын бірлесіп күшейтудің нәтижесінде ШЫҰ ең беделді әрі ықпалды халықаралық құрылымдардың біріне айналды. Бірлестігіміздің әлеуметі орасан зор. Сол себепті әлемде оған деген қызығушылық артып келеді", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент Астанадағы саммиттің тағы бір ерекшелігін атап өтті. ШЫҰ-ға тағы бір мемлекет – Беларусь кірді.
Биылғы саммит алғаш рет жаңа "ШЫҰ+" форматында ұйымдастырылып отыр. Оған сәйкес, ұйымның жоғарғы органы – ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан бөлек, бақылаушы және серіктес мәртебесін алған мемлекет басшыларымен кездесу өтеді.
Беларусьпен бірге ұйымға мүше елдердің саны 10-ға жетеді. Олар: Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан мен Беларусь. Ал "ШЫҰ+" кездесуіне Қатар, Моңғолия, БАӘ, Түрікменстан, Түркия және Әзербайжанның басшылары келді.
Беларусь официально стала членом ШОС на саммите в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылданды
Жаңалықтар
0