https://sputnik.kz/20240704/shyu-yadrolyq-qarudy-taratpau-turaly-sharttyn-erezhelerin-saqtaydy-45467913.html
ШЫҰ ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін сақтайды
ШЫҰ ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін сақтайды
Sputnik Қазақстан
ШЫҰ елдері Ядролық қаруды таратпау туралы шарт ережелерін сақтайды және онда белгіленген мақсаттарды ілгерілетеді 04.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-04T15:57+0500
2024-07-04T15:57+0500
2024-07-04T15:57+0500
астана шыұ-2024
шыұ
ядролық қарусыздандыру
https://sputnik.kz/img/07e8/07/04/45457124_1:0:1240:697_1920x0_80_0_0_98e3628c50e2d1f116c9032135b09396.jpg
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. ШЫҰ-ға қатысушы елдерін ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырған құжат – Астана декларациясы. Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің қорытынды декларациясында бұл тарауға ерекше назар аударылды. ШЫҰ елдері ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін сақтауды және оның мақсаттарын ілгерілетуді назарға алды, бұл туралы Астана декларациясында көрсетілген. Сондай -ақ ШЫҰ басшылары ғарышты кез келген қарудан таза ұстауды жақтады. "Мүше мемлекеттер ғарыш кеңістігін кез келген қарудан таза ұстауды қолдайды және ғарышты тек бейбіт мақсатта пайдалануды көздейтін қолданыстағы құқықтық режимді мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын айтады", - делінген құжат мәтінінде. Сондай -ақ ШЫҰ-ға кіретін мемлекет басшылары бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік қару (ҚБТО) қорларын әзірлеуге, өндіруге және жинақтауға тыйым салу туралы конвенцияның маңыздылығын атап өтті. "Мүше мемлекеттер конвенцияны қатаң сақтауды және оған тексерудің тиімді тетігін көздейтін заңдық міндетті хаттаманы қабылдауды, сондай-ақ Биологиялық қару туралы Конвенция функцияларын қайталайтын кез келген тетіктерді құруға қарсы болады", - делінген құжатта. Сондай -ақ декларацияда тиісті конвенцияны іске асыру үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне есеп беретін биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы Қазақстанның ұсынысы жазылған. Бұдан басқа декларация ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қарусыздану және таратпау саласында маңызды құрал ретінде химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы конвенцияны толық көлемде сақтауға шақырды. "Мүше мемлекеттер химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымды қолдайтынын растайды және ұйым шеңберіндегі келіспеушіліктерді еңсеру үшін консенсуспен шешім қабылдауды жақтайды", - деп атап өтті саммитке қатысушылар декларацияда. Олардың пікірінше, бұл конвенцияның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/04/45457124_156:0:1085:697_1920x0_80_0_0_ec1a22f69168fa5642d69db8c8ab4af8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ, ядролық қарусыздандыру
шыұ, ядролық қарусыздандыру
ШЫҰ ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін сақтайды
ШЫҰ елдері Ядролық қаруды таратпау туралы шарт ережелерін сақтайды және онда белгіленген мақсаттарды ілгерілетеді
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. ШЫҰ-ға қатысушы елдерін ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырған құжат – Астана декларациясы. Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің қорытынды декларациясында бұл тарауға ерекше назар аударылды.
ШЫҰ елдері ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін сақтауды және оның мақсаттарын ілгерілетуді назарға алды, бұл туралы Астана декларациясында көрсетілген.
"Мүше мемлекеттер 1968 жылғы 1 шілдедегі ядролық қаруды таратпау туралы шарт ережелерін мүлтіксіз сақтауды, онда тіркелген барлық мақсаттар мен қағидаттарды жан-жақты теңгерімді ілгерілетуді, ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайтуды, ядролық қарусыздану процесін жалғастыруды, сондай-ақ бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану саласындағы тең құқылы өзара тиімді ынтымақтастыққа жәрдемдесуді жақтайды", - делінген құжатта.
Сондай -ақ ШЫҰ басшылары ғарышты кез келген қарудан таза ұстауды жақтады.
"Мүше мемлекеттер ғарыш кеңістігін кез келген қарудан таза ұстауды қолдайды және ғарышты тек бейбіт мақсатта пайдалануды көздейтін қолданыстағы құқықтық режимді мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын айтады", - делінген құжат мәтінінде.
Сондай -ақ ШЫҰ-ға кіретін мемлекет басшылары бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік қару (ҚБТО) қорларын әзірлеуге, өндіруге және жинақтауға тыйым салу туралы конвенцияның маңыздылығын атап өтті.
"Мүше мемлекеттер конвенцияны қатаң сақтауды және оған тексерудің тиімді тетігін көздейтін заңдық міндетті хаттаманы қабылдауды, сондай-ақ Биологиялық қару туралы Конвенция функцияларын қайталайтын кез келген тетіктерді құруға қарсы болады", - делінген құжатта.
Сондай -ақ декларацияда тиісті конвенцияны іске асыру үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне есеп беретін биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы Қазақстанның ұсынысы жазылған. Бұдан басқа декларация ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қарусыздану және таратпау саласында маңызды құрал ретінде химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы конвенцияны толық көлемде сақтауға шақырды.
"Мүше мемлекеттер химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымды қолдайтынын растайды және ұйым шеңберіндегі келіспеушіліктерді еңсеру үшін консенсуспен шешім қабылдауды жақтайды", - деп атап өтті саммитке қатысушылар декларацияда. Олардың пікірінше, бұл конвенцияның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі.