Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

ШЫҰ тұрақты қауіпсіздіктің кепілі ретінде қызметін жалғастыруы керек - Си Цзиньпин

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВыступления глав государств на саммите ШОС в Астане
Выступления глав государств на саммите ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, ШЫҰ бірлескен және тұрақты қауіпсіздіктің кепілі ретінде қызметін жалғастыруы керек, деді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин. 

Барлық ел өздерін қауіпсіз сезінуі керек, деді ол Астанадағы ШЫҰ саммитінде. 

Қытай басшысы Қытай ШЫҰ төрағасы ретінде лаңкестікке қарсы бірлескен оқу-жаттығулардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ететінін айтты. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстаннан кейін төрағалықты Қытай Халық Республикасы қабылдады. Келесі саммит Астана декларациясында көрсетілгендей 2025 жылы Қытайда өтеді. 

"ШЫҰ плюс" форматындағы кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммиті аясында өтіп жатыр. 

Тақырыбы "Көпжақты диалогты нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу". Бұдан бұрын хабарланғандай, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында 25 құжатқа қол қойылды, оның ішінде жиынға қатысушылар Астана декларациясын қабылдады.
Жаңалықтар
0