Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

ШЫҰ елдері санкцияларды жаһандық дамуға кедергі ретінде қарастырады – Астана декларациясы

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВыступления глав государств на саммите ШОС в Астане
Выступления глав государств на саммите ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Декларацияда Ресейдің ШЫҰ елдері, Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттер мен көпжақты бірлестіктердің қатысуымен Үлкен Еуразиялық әріптестік құру туралы ұсынысы көрсетілген 

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері біржақты санкциялар мен сауда шектеулері үшінші елдер мен халықаралық экономикаға кері әсер етеді деп есептейді. Бұл туралы ШЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясында айтылған. 

Ұйымға мүше мемлекеттер ШЫҰ аймағының жаһандық экономиканы қалпына келтірудегі, жаһандық өндіріс пен жеткізу тізбегінің тұрақтылығын сақтаудағы және одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін атады. 

"Көпжақты сауда жүйесін бұзатын және жаһандық тұрақты дамуға кедергі келтіретін протекционистік әрекеттерге, біржақты санкцияларға және сауда шектеулеріне қарсы тұрады. Ұйымға мүше мемлекеттер санкцияларды біржақты қолдану халықаралық құқық қағидаттарымен үйлеспейтінін және үшінші елдер мен халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізетінін айтты", - делінген Астана декларациясында. 

Мүше-мемлекеттер жаһандық экономикалық басқару архитектурасын одан әрі жетілдіру мен реформалауды, сондай-ақ "ашық әлемдік экономиканың дамуына, нарықтарға әділ қол жеткізуге, дамушы елдер үшін ерекше және дифференциалды режимді дамытуға" жәрдемдесетін ашық, әділ және кемсітпейтін сауда жүйесін нығайтуды қолдады. 

ШЫҰ мемлекеттері сондай-ақ кедергілерді жоюға және сауда рәсімдерін жеңілдету үшін ортақ тәсілдерді әзірлеуге ниет білдірді. Декларацияда "ШЫҰ кеңістігінде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мәселелері бойынша халыққа бағытталған өзара іс-қимылды" одан әрі тереңдету туралы да айтылды. 

Мүше-мемлекеттер электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты арттырудың, цифрлық технологияларды пайдаланудағы білім мен тәжірибемен алмасудың, электрондық саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және дауларды онлайн форматта шешудің маңыздылығын растады. 

Сонымен қатар, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын қолдайтындықтарын растай отырып, осы жобаны бірлесіп жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және БББЖ дамуын байланыстыру жөніндегі күш-жігерді атады. 

Декларацияда Ресейдің ШЫҰ елдері, Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттер мен көпжақты бірлестіктердің қатысуымен Үлкен Еуразиялық әріптестік құру туралы ұсынысы көрсеиілген. 

Сонымен қатар, ШЫҰ мемлекеттері Қазақстанның ШЫҰ инвестициялық қорын құру туралы ұсынысын бағалар, оны одан әрі дамытуды қолдады. 

Сондай-ақ ШЫҰ елдері Қытайдың ШЫҰ цифрлық білім беру қауымдастығын құру туралы ұсынысын және Өзбекстанның ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аймақтары үшін Инновациялық әріптестік апталығын өткізу туралы ұсынысын қолдады. 

Тараптар ШЫҰ-ның Экология жылының мазмұнды бағдарламасын жоғары бағалап, 2025 жылды ШЫҰ-да Тұрақты даму жылы деп жариялауға келісті.
Жаңалықтар
0