Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Қытайдың ірі энергетикалық компаниясы Ақтауда бу-газ қондырғысын салады

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Китая
Флаги Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Ақтауда жаңа бу-газ қондырғысын салу туралы Қытайдың ірі энергетикалық компаниясымен келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысында "МАЭК" ЖШС және "China Huadian Corporation Ltd." қытай компаниясы Ақтау қаласында электр энергиясын өндіретін бу-газ қондырғысын салу туралы келісімге қол қойды.
"Жобаны қаржыландыру шеңберінде Қытай мемлекеттік банкі 5%-тен төмен мөлшерлемемен 15-25 жылға дейін қаржы бөлуге дайын. Қарыз қаражатын қайтару тариф арқылы жүргізіледі. Құны $190 млн болатын жобаны іске асыру жергілікті деңгейде Электрмен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылады және ең жоғары жүктемені реттеуге жәрдемдесетін болады", - деп жазды ведомство.
Іскерлік кеңес алаңында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кездесу өткізді. Онда көмір маневрінің жаңа тәсілі талқыланды.
Сонымен қатар іс-шара аясында "China Huadian Overseas Investment Co., Ltd." және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
China Huadian Overseas Investment – Қытай мемлекеттік корпорациясының еншілес компаниясы China Huadian Corporation. Оның негізгі қызметі - электр және жылу энергиясын өндіру және жеткізу.
Корпорация Қытайда электр энергиясын газбен өндіруде көшбасшы. 2023 жылдың қорытындысы бойынша China Huadian корпорациясының жалпы активтері $140 млрд болған.
Жаңалықтар
0