https://sputnik.kz/20240704/qazaqstannyn-shyu-dagy-toragalygy-mazmundy-boldy--bas-khatshy-45483840.html
Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы мазмұнды болды – Бас хатшы
Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы мазмұнды болды – Бас хатшы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанның осы ұйымдағы төрағалығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik... 04.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-04T20:25+0500
2024-07-04T20:25+0500
2024-07-04T20:25+0500
астана шыұ-2024
шыұ
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45380857_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3d73bfd5a7fc35da1ca806285fcc6509.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанның осы ұйымдағы төрағалығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін Астанадағы саммитте Тоқаев ұйым төрағалығын Қытайға тапсырды. Қазақстан бір жыл бойы төрағалық етті. Осы уақыттың ішінде сан алуан сала бойынша 140-тан астам іс-шара өтті. Ал бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жаңа форматта өтті. Астана өткен саммиттің тағы бір жетістігі – Беларусьтың ресми түрде ұйым қатарына қабылдануы. Осылайша, ШЫҰ-ға мүше елдердің саны 10-ға жетті. "Әлемдегі өзекті саяси оқиғалар бойынша ұйымның ортақ ұстанымын қалыптастыру бойынша Қазақстанның еңбегі мен шұғыл әрекетін де ерекше атап өткім келеді. Мен Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті және 2024 жылы ШЫҰ-ға мүше кейбір елдерде болған лаңкестік әрекеттерді айтып отырмын. Біздің ойымызша, Қазақстанның төрағалығы өте мазмұнды және қызықты болды. Астана саммиті ұйым қызметіне жаңа серпін беріп, оның тарихында маңызды меже болып қалады", - деп атап көрсетті Мин. Айта кетері, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан мен Беларусь кіреді. Ал Қатар, Моңғолия, БАӘ, Түрікменстан, Түркия және Әзербайжан диалог бойынша серіктестер және бақылаушылар мәртебесіне ие. Бүгін олар "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45380857_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0b5788d16625f60c738d93c19ef95d57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ
Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы мазмұнды болды – Бас хатшы
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанның осы ұйымдағы төрағалығына баға берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанадағы саммитте Тоқаев ұйым төрағалығын Қытайға тапсырды. Қазақстан бір жыл бойы төрағалық етті. Осы уақыттың ішінде сан алуан сала бойынша 140-тан астам іс-шара өтті. Ал бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жаңа форматта өтті.
"Саммитте 25 құжат рәсімделді. Соның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің басшылары кеңесінің Астана декларациясы бар. Саясат, қауіпсіздік, экономика, сауда және гуманитарлық алмасулар бойынша 20-дан астам шешім шығарылды. Атап айтқанда, ШЫҰ-ның "Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік" бастамасы, 2024-2025 жылдары Циндао қаласын ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы ретінде жариялау, мемлекет басшылары саммитінің 3 мәлімдемесі, сондай-ақ тату көршілік қағидаттары туралы мәлімдеме қабылданды", - деді Мин арнайы брифингте.
Астана өткен саммиттің тағы бір жетістігі – Беларусьтың ресми түрде ұйым қатарына қабылдануы. Осылайша, ШЫҰ-ға мүше елдердің саны 10-ға жетті.
"Әлемдегі өзекті саяси оқиғалар бойынша ұйымның ортақ ұстанымын қалыптастыру бойынша Қазақстанның еңбегі мен шұғыл әрекетін де ерекше атап өткім келеді. Мен Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті және 2024 жылы ШЫҰ-ға мүше кейбір елдерде болған лаңкестік әрекеттерді айтып отырмын. Біздің ойымызша, Қазақстанның төрағалығы өте мазмұнды және қызықты болды. Астана саммиті ұйым қызметіне жаңа серпін беріп, оның тарихында маңызды меже болып қалады", - деп атап көрсетті Мин.
Айта кетері, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан мен Беларусь кіреді. Ал Қатар, Моңғолия, БАӘ, Түрікменстан, Түркия және Әзербайжан диалог бойынша серіктестер және бақылаушылар мәртебесіне ие. Бүгін олар "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысты.