Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Президент ШЫҰ-ны реформалау және жаңғырту қажет екенін айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСаммит ШОС в Астане
Саммит ШОС в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Қазақстан ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптайды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Астанадағы саммитте сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымын реформалау және жаңғырту қажеттігіне арнайы тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
Ол қарқынды жаһандық өзгерістерге байланысты ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды міндет тұрғанын атап өтті.
"Ұйым аясының кеңею үдерісі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оны дамытуға тың серпін береді. Еліміз ШЫҰ-ға төраға ретінде Ұйымды ынтымақтастықтың бұдан да тиімді әрі көпжақты механизміне айналдыруды көздейтін теңгерімді ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, біз ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті айтылған барлық ұсыныс ШЫҰ-ға мүше елдерге ортақ игі мақсаттарға қол жеткізуге барынша үлес қосуға деген шынайы ниеттен туындағанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, қолдағандары үшін ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне төраға болуымен шын жүректен құттықтап, Қытай тарапына табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланғанын, ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын айтты.
"Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына, ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Қазақстан президенті.
Заседание Совета глав государств – членов ШОС - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Тоқаев: Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда көлемі 6,5%-ға өсті
Жаңалықтар
0