Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневНурлан Ермекбаев
Нурлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Ол жаңа қызметке 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды.
Ол ұйымға 2025 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін басшылық етеді. Тиісті шешім Астанадағы ШЫҰ саммитінде қабылданды.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ-ның Бас хатшысы қызметін Қытай өкілі Чжан Мин атқарған еді.
Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген.
2018-2021 жылдары қорғаныс министрі болған.
2023 жылдың қантар айында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.
Выступления глав государств на саммите ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ саммиті: Астанада маңызды құжаттарға қол қойылды
Жаңалықтар
0