Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Биылғы су тасқыны климаттың жылынуымен тікелей байланысты - Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы су тасқынының тағы бір себебін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін "ШЫҰ+" форматында өткен кездесуде президент жиынға қатысушы елдердің басшыларын экология мен климаттың өзгеруі мәселесі бойынша өзара ынтымақтастыққа баса назар аударуға үндеді. Себебі осы саладағы жағдай үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
"Біз сан алуан табиғи апаттардың айтарлықтай көбейгеніне куә болып отырмыз. Жақында Қазақстан бұрын-сонды болмаған су тасқынының зардапын көрді. Мамандардың пікірінше, осы табиғи апаттың ауқымы жаһандық климаттың жылынуымен тікелей байланысты", - деді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы бұл проблемамен бірлесіп күресу қажеттігін еске салды. Әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялау жолында батыл шешімдер қабылдауы қажет.
Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын кеңінен қолданған жөн. Осылайша, ШЫҰ елдері мұздықтарды сақтауға өз үлесін қоса алады.
Жаңалықтар
0