Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Ресей Пәкістанға жеткізілетін энергия тасымалдаушылар көлемін арттыруға дайын – Путин

© Photo : POOL / Медиабанкке өтуРабочая поездка президента Владимира Путина в Санкт-Петербург
Рабочая поездка президента Владимира Путина в Санкт-Петербург - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
Ресей мен Пәкістан басшыларының кездесуі Астанадағы "Ритц Карлтон" қонақ үйінің келіссөздер залында өтті
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас іскерлік және достық тұрғыдан дамып келе жатқанын айтты. Путин Ресей Федерациясы мен Пәкістан қатынастарындағы екі ерекше перспективалы бағытты – энергетика және агроөнеркәсіптік бизнес саласындағы ынтымақтастықты атап өтті.
"Біздің энергия тасымалдаушыларымыз (мұнай, газ, көмір және тағы басқа отындар – Sputnik) Пәкістанға жеткізіле бастады және біз оларды көбейтуге дайынбыз", - деді Путин.
"Біздің елдер арасындағы қарым-қатынас іскерлік және достық тұрғыда ондаған жыл бойы дамып келеді", - деп атап өтті Ресей басшысы.
Ал Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Ресей мұнайын Пәкістанға жеткізгені үшін Путинге алғысын білдірді.
"Сіз бізге энергетикалық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік бердіңіз. Біз бұл үшін өте ризамыз", - деді Пәкістан премьер-министрі.
Ол Ресей мен Пәкістан "осы бағытта жүруі керек" деп атап өтті. Бұған дейін Владимир Путин 3 шілде күні таңертең ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келгені хабарланған болатын. Іс-шара "көпжақты диалогты нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" ұранымен өтеді.
Жаңалықтар
0