https://sputnik.kz/20240703/qytay-basshysy-dimashtyn-talantyna-tanti-boldy-45416084.html
Қытай басшысы Димаштың талантына тәнті болды
Қытай басшысы Димаштың талантына тәнті болды
Sputnik Қазақстан
Шағын концертке опера әншісі Майра Мұхамедқызы да қатысты 03.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-03T19:52+0500
2024-07-03T19:52+0500
2024-07-03T19:52+0500
астана шыұ-2024
димаш құдайберген
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45415247_0:270:1018:843_1920x0_80_0_0_fa02a30071baa1ab7e970d9367b1bb44.jpg
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Әнші Димаш Құдайберген мен опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қазақстан мен Қытай басшыларының алдында шағын концерт қойды.Бұған дейін жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Қытайдың бейбіт бастамаларын қолдайды, оның халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына сәйкес әділ әлемдік тәртіпті құруға қосқан үлесі мен шешуші рөлін жоғары бағалайды.Өз тарапынан Си Цзиньпин ежелгі Жібек жолы кезінде тамыры қаланған екіжақты байланыстар "мәңгілік достық, терең өзара сенім мен ынтымақтастық лейтмотиві болған жан-жақты стратегиялық серіктестіктің бұрын-соңды болмаған деңгейіне" жеткенін атап өтті."Халықаралық жағдай қаншалықты өзгерсе де, біздің достықты сақтауға деген ұмтылысымыз, көп қырлы ынтымақтастықты дамытуға деген шешіміміз, негізгі мәселелер бойынша бір-бірімізді өзара қолдауға деген адалдығымыз және ұлттық даму міндеттеріне қол жеткізуге деген сеніміміз өзгеріссіз қалатынын растаймын", - деп атап өтті Си Цзиньпин.ҚХР төрағасы Қазақстанның халықаралық аренадағы орта держава ретіндегі сындарлы рөлін қолдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45415247_0:174:1018:938_1920x0_80_0_0_9aa07471dabfcc32e4c4d91f6afc8b67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
димаш құдайберген
Қытай басшысы Димаштың талантына тәнті болды
Шағын концертке опера әншісі Майра Мұхамедқызы да қатысты
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Әнші Димаш Құдайберген мен опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қазақстан мен Қытай басшыларының алдында шағын концерт қойды.
Бұған дейін жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Қытайдың бейбіт бастамаларын қолдайды, оның халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына сәйкес әділ әлемдік тәртіпті құруға қосқан үлесі мен шешуші рөлін жоғары бағалайды.
"Біздің "бір Қытай" саясатына қатысты ұстанымымыз өзгеріссіз қалады. Біз "үш зұлымдық күші" – терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресуде өзара іс-қимылды жақтаймыз. Қытайдың барлық елдің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтейтін тұрақты қолдауын бағалаймыз", - деді Тоқаев.
Өз тарапынан Си Цзиньпин ежелгі Жібек жолы кезінде тамыры қаланған екіжақты байланыстар "мәңгілік достық, терең өзара сенім мен ынтымақтастық лейтмотиві болған жан-жақты стратегиялық серіктестіктің бұрын-соңды болмаған деңгейіне" жеткенін атап өтті.
"Халықаралық жағдай қаншалықты өзгерсе де, біздің достықты сақтауға деген ұмтылысымыз, көп қырлы ынтымақтастықты дамытуға деген шешіміміз, негізгі мәселелер бойынша бір-бірімізді өзара қолдауға деген адалдығымыз және ұлттық даму міндеттеріне қол жеткізуге деген сеніміміз өзгеріссіз қалатынын растаймын", - деп атап өтті Си Цзиньпин.
ҚХР төрағасы Қазақстанның халықаралық аренадағы орта держава ретіндегі сындарлы рөлін қолдады.