Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Астанаға Қырғызстан президенті де келді

© Пресс-служба правительства КазахстанаСадыр Жапаров и Олжас Бектенов в аэропорту Астаны
Садыр Жапаров и Олжас Бектенов в аэропорту Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлады Ақорда.
Елорда әуежайында Қырғызстан президентін Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.
"Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған", - деп жазылған хабарламада.
Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті.
ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.
Шавкат Мирзиёев и Олжас Бектенов в аэропорту Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Жаңалықтар
0