Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келеді – Си Цзиньпин

© Photo Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Ақордада өткен келіссөздерді жоғары бағалап, Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін екі елдің басшылары Ақордада брифинг өткізді. Сол жерде Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстанның жаңғыру жолымен алға ілгерілеп, ұлттық даму стратегияларын ұштастыруға ықпал ететініне және бір-бірінің мүддесін қорғайтынына сенім білдірді.
"Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты жалғастыра береміз. Нақты салалардағы ықпалдастық бағытында жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Қысқа мерзім ішінде тауар айналымын екі есе ұлғайту жөнінде жаңа міндет қойылды", – деді ҚХР төрағасы.
" Біз сауда және экономика, инвестиция, индустрияландыру, көлік және энергетика сияқты салалардағы байланысымызды ұдайы нығайту жөнінде уағдаластық. Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен елдеріміз арасындағы үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетеміз", – деп толықтырды ол.
Си Цзиньпин Қазақстанның БРИКС-ке кіруін қолдайтынын да жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын тағы да растады және еліміздің жаһандық басқару ісіне лайықты үлес қоса алатынына сенім білдірді.
Жаңалықтар
0