Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Қазақстан Қытайдың бейбіт бастамаларын қолдайды - президент

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Китая у Акорды
Флаги Казахстана и Китая у Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Шағын құрамдағы келіссөзден кейін Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасы екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге мемлекеттік сапарын Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі деп бағалайтынын айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытайдың бейбіт бастамаларын қолдайды.
Сондай-ақ халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына негізделген әділ әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы жетекші рөлі мен елеулі үлесін жоғары бағалайды.
"Сіздің "Адамзаттың біртұтас тағдыры қоғамдастығын құру" туралы бастамаңызды конструктивті рухта қолдауға дайынбыз. Біздің "Біртұтас Қытай" саясатына қатысты ұстанымымыз өзгермейді. Сондай-ақ терроризм, сеператизм және экстремизм секілді "үш зұлым күшке" қарсы күрес жөніндегі ықпалдастықты қолдаймыз. Қытайдың бүкіл әлем елдерінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеуге шақыратын тұрақты ұстанымын бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, өзара тауар айналымын еселеуге мол мүмкіндігіміз бар.
"Біздің елдің Үкіметі осы мақсатқа жету үшін табанды түрде жұмыс істейді. Қытай Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі бойынша жетекші орынға ие. Кейінгі 15 жылда оның көлемі 24 миллиард долларға жетті. Екі ел арасында визасыз режим күшіне енді. Қазір "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы" өтіп жатыр. Мұның бәрі елдеріміздің түрлі саладағы ынтымақтастығын нығайтуға тың серпін береді", - деді президент.
Жаңалықтар
0