Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Иран Қазақстанға егіс алқаптарын суаратын заманауи технологиялар ұсынуға дайын

© Photo : Пресс-служба министерства водных ресурсов и ирригации КазахстанаНуржан Нуржигитов встретился с послом Ирана в Казахстане Али Акбаром Джоукаром
Нуржан Нуржигитов встретился с послом Ирана в Казахстане Али Акбаром Джоукаром - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
Ираннан келген компаниялар Қазақстанға заманауи суару жүйелерін, сондай-ақ тамшылатып суарудың автоматты қондырғыларын ұсынбақ
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Тараптар егіс алқаптарын тасымалдау және суару кезінде су шығынын азайту үшін тәжірибе және технологиялар алмасу туралы талқылады.
"Бүгінде біз су қоймалары мен басқа да су шаруашылығы құрылыстарын салу және қайта құру бойынша ауқымды жұмысты бастадық. Ирандық компаниялардың бұл бағытта бай тәжірибесі бар, тиімді технологияларды әзірлеуде", - деді Нұржан Нұржігітов.
Атап айтқанда, Ираннан келген компаниялар Қазақстанға жер асты суларын пайдаланатын заманауи суару жүйелерін, сондай-ақ өсімдіктердің тамырына тікелей ылғал беретін тамшылатып суарудың автоматты қондырғыларын ұсынуға дайын. Осы технологиялардың арқасында Иран күріш өсіруге арналған су шығындарын едәуір азайтып, өнімділікті арттырды.
"Қазақстанда бұл технологиямен жұмыс істеп жатқандар бар. Мысалы, Жамбыл және Түркістан облыстарында ирригациялық желілер қайта жаңғыртылуда. Сондықтан су инфрақұрылымын салу мен жөндеуге арналған конкурстарға қатысу үшін Ираннан біздің елге бизнесмендерді шақырғым келеді", – деп қорытындылады Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) 2001 жылы алты ел құрды, олар — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан. Ал Иранның ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінде қабылданды.
Еске сала кетейік, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0