Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаИльхам Алиев прибыл в Астану для участия в саммите ШОС
Ильхам Алиев прибыл в Астану для участия в саммите ШОС - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді.
Әуежайда оны Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.
Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті.
Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті. Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған.
Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.
Жаңалықтар
0