ЕЭК басшысы ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства принял председателя коллегии Евразийской экономической комиссии Бакытжана Сагинтаева
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндері" ұйымдастырылуы мүмкін
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Астанада ШЫҰ саммиті аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Чжан Мин кездесті.
Олар "алдағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты", деп хабарлады ЕЭК.
"Тараптар ЕЭК пен ШЫҰ хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады", - делінген хабарламада.
Бақытжан Сағынтаев қазіргі уақытта Меморандумды жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын дайындау аяқталып жатқанын айтты. ЕЭК Алқасының төрағасы күзде Арменияда өтетін Еуразиялық экономикалық форум аясында құжатқа қол қоюды ұйымдастыруды ұсынды.
ЕЭК Алқасы басшысының айтуынша, Еуразиялық одақ елдері халықаралық көлік дәліздерін дамытуға, мультимодальды және контейнерлік тасымалдауға, аймақтағы жүк тасымалдауды цифрландыруға мүдделі.
"Бірлескен тәсілдерді әзірлеуді жеделдету үшін Бақытжан Сағынтаев жақын арада ШЫҰ-ға мүше елдердің көлік министрлері мен ЕАЭО мемлекеттерінің көлік саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің бірлескен отырысын өткізуді ұсынды", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндерін" өткізу туралы ЕЭК бастамасын қарады деп хабарланды.
"Бұл шара бизнес қауымдастықтардың назарын аударатыны сөзсіз. Тәжірибе алмасу елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін", – деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.
Чжан Мин қазіргі әлемдік жағдайда ШЫҰ мен ЕАЭО өзара әрекеттесу факторы барған сайын маңызды болып келе жатқанын айтты.
Ол экономикалық мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға баса назар аударған интеграциялар диалогы Үлкен Еуразияны дамыту үшін қолайлы және болжамды жағдайларды қамтамасыз етуге арналған деп сендірді.