Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Қытай тату көрші ғана емес, жақын дос әрі уақыт тезінен өткен сенімді серіктес - Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев и Си Цзиньпин
Токаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тоқаев алдымен елімізге мемлекеттік сапармен келген Си Цзиньпинге өз ризашылығын білдірді.
"Сіздің сапарыңыздың мән-мағынасы өте зор, ерекше деп айтуға болады. Қытай Халық Республикасы – тату көрші, маңызды стратегиялық серіктес әрі басты одақтас мемлекеттің бірі. Берік достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатыр. Мен мұны үлкен қуанышпен атап өтемін", - деді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы ҚХР төрағасының екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін нығайтуға зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.
"Мұны жоғары бағалаймыз. Екі елдің ынтымақтастығын халықтарымыздың игілігі үшін жаңа деңгейге көтеру қажет деген бастамаңызды толық қолдаймын. Бүгінгі басқосуымызды осының айқын дәлелі деуге болады. Қытай – біз үшін тату көрші ғана емес, жақын досымыз әрі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Біз ортақ тарихтың, тату көршілік қатынастардың және өзара қолдаудың мызғымас құндылықтарына сүйене отырып, шын мәнінде үлгі етерлік мемлекетаралық қатынасты жолға қойдық", – деп атап көрсетті Қазақстан президенті.
Ал Си Цзиньпин қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты
"Құрметті Президент мырза, қымбатты досым! Менің сапарыма мән беріп отырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Сіз Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен сәттен бастап реформалар мен елдің дамуын белсенді әрі мақсатты түрде ілгерілетіп келесіз. Ішкі және сыртқы саясатта тиімді шаралардың тұтас топтамасын қабылдадыңыз. Соның нәтижесінде еліңіздің жалпы қуаты мен халықаралық беделі айтарлықтай артты. Тату көрші ретінде біз бұл жетістіктерге шын жүректен қуанамыз", - деді ҚХР төрағасы.
Си Цзиньпин былтыр Сиань мен Бейжіңде болған екі кездесуді еске алды. Сол кезде жаңа жоспарларды белгіленді. Сондай-ақ "алтын отыз жылдықта" қытай-қазақ қатынастарын қарқынды дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.
"Қытай Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты әрдайым стратегиялық тұрғыдан және ұзақмерзімді перспектива деңгейінде қарастыратынын растағым келеді. Сондай-ақ көршілес елдерге қатысты ұстанатын өзінің сыртқы саясатында Қазақстанға басымдық береді және Орталық Азиядағы маңызды серіктес ел санайды. Қытай-қазақ байланыстарын қамтамасыз етуде біздің ерік-жігеріміз бен ұстанымымыз өзгермейді және конъюнктуралық ықпалға ұшырамайды. Қытай әрқашан Қазақстанға сенімді тірек болатынын мәлімдеймін", – деді Си Цзиньпин.
Жаңалықтар
0