100 мыңға жуық қазақстандық студент шетелде білім алып жатыр

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан шетелде оқитын студенттер саны бойынша әлемде екінші орында – 91,2 мың студент елден тыс оқу орындарында білі алып жатыр. Бұл туралы ANI analytics телеграм-арнасы хабарлады.
ЮНЕСКО-ның Статистика институтының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, шетелде оқитын студенттердің ең көп саны Қытай мен Үндістанда тіркелген.
"Шетелде 1,021 миллион Қытай студенті оқиды, ал үндістандық студенттердің саны осы көрсеткіштің шамамен жартысы, яғни 508,2 мың. Одан кейін Вьетнам (137 мың), Германия (126,4 мың) және Өзбекстан (109,9 мың) тұр", - деп жазылған хабарламада.
Алайда, егер тиісті кезеңдегі шетелде оқитын студенттердің халық санына қатынасын есептейтін болсақ, онда Қазақстан 0,48% үлеспен қарастырылып жатқан елдер арасында бірінші орында тұр. Одан кейін Сирия (0,46%) мен Өзбекстан (0,31%) тұр.
Студенттер оқуды қалайтын елдердің рейтингі мынандай:
АҚШ (833 мың);
Ұлыбритания (601 мыңға жуық);
Австралия (378 мыңға жуық);
Германия (376 мыңнан астам);
Канада (318 мыңға жуық).
Еске салайық, Қазақстанда 2024 жылы 11-сыныпты 186 мың бала бітірген. Оның ішінде 7 420 түлек "Алтын белгі" белгісімен марапатталса, 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды.
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді
Жаңалықтар
0