Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Еуропаның үш елінен шұғыл көмек сұрады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Украина Венгрия, Польша және Словакияның энергия жүйелерінен шұғыл көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлады "Укренерго" энергетика компаниясы.
"Укренерго" басқарма төрағасы Владимир Кудрицкий бұған дейін Еуроодақ елдерінде ыстық ауа райына байланысты тұтыну көлемі артып, Украина Еуропа елдерінен электр энергиясын әлдеқайда аз ала бастағанын хабарлаған.
"1 шілдеде кешкі уақытта тұтыну шектеулерінің көлемін азайту және энергетикалық жүйедегі қорларды сақтау үшін Украина Венгриядан, Польшадан және Словакиядан апатты жағдайда электр қуатын тартты", - делінген компанияның Telegram каналында жарияланған хабарламада.
"Укренерго" сейсенбі күні жалпы көлемі 30,7 мың мегаватт-сағат электр энергиясын Румыния, Словакия, Польша, Венгрия және Молдовадан импорттау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Кудрицкий 18 сәуірде елдің энергетикалық жүйесінде әлсін-әлсін тапшылық болатынын ескертті.
Бұған дейін "Укренерго" Украинадағы энергетикалық нысандарға келтірілген залалдың мөлшері өте үлкен екенін, электр станциялары мен қосалқы станциялар өз шегінде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеп, компания электр энергиясын үнемді тұтынуға шақырған.
12 сәуірде Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко ел тұрғындарын ықтимал блэкаутқа дайындалып, генераторлар сатып алуды сұрады.
Жаңалықтар
0