Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Си Цзиньпин көп полярлы әлемді ілгерілетуге және гегемонияға қарсы тұруға шақырды

© Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуСи Цзиньпин. Архивное фото - рекадр
Си Цзиньпин. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
Қытай басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарынан көп нәрсе күтетінін айтты
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Си Цзиньпин "Қытай мен Қазақстан: жаңа көкжиектерге ортақ ұмтылыс" атты мақаласында көпполярлы әлемді ілгерілетуге және гегемонияға қарсы тұруға шақырды.
"БҰҰ-ға негізделген халықаралық жүйе мен халықаралық құқыққа негізделген әлемдік тәртіпті батыл қорғауға, шынайы мультилатерализмді жүзеге асыруға, гегемонизмге, күш саясатына және блоктық қақтығысқа қарсы тұруға, тең және реттелген көпполярлы әлемді, жалпыға ортақ және инклюзивті экономикалық жаһандануды алға жылжытуға шақырамын", - деді Си Цзиньпин.
Қытай басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарынан көп нәрсе күтетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылғы 2-4 шілдеде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Қытай басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына да қатысады.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял участие в первом Саммите Центральная Азия – Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Қытай мен Қазақстан ортақ стратегиялық мүдделерді табанды түрде қорғайды – Си Цзиньпин
Жаңалықтар
0