https://sputnik.kz/20240702/astanada-qazaqstan-men-qytaydyn-kolik-ministrleri-kezdesti-45368183.html
Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері кездесті
Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері кездесті
Sputnik Қазақстан
Кездесу ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті 02.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-02T16:34+0500
2024-07-02T16:34+0500
2024-07-02T17:24+0500
қытай
астана шыұ-2024
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45367687_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_e19141d91db8e6a54c8bb71e886c989b.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Елордада Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай көлік ведомствосының басшысы Ли Сяопэнмен кездесуі өтті.Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары көлік логистикасы және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді деп жоспарланып отыр.Бүгін таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.Қытай басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына да қатысады.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45367687_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_50f37fbdd6663ca85e705583bd610d47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай
Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері кездесті
16:34 02.07.2024 (жаңартылды: 17:24 02.07.2024) Кездесу ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Елордада Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай көлік ведомствосының басшысы Ли Сяопэнмен кездесуі өтті.
"Келіссөздер барысында қос тарап көлік инфрақұрылымы саласындағы нәтижелі ынтымақтастық пен екі ел арасындағы түсіністіктің жоғары деңгейі үшін өзара ризашылықтарын білдірді, - деп жазылған Көлік министрлігінің хабарламасында.
Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары көлік логистикасы және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді деп жоспарланып отыр.
Бүгін таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.
Қытай басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына да қатысады.