Астанада 3 шілде күні отшашу болады

© Sputnik / Владислав ВодневСалют в столице в четь Дня Республики
Салют в столице в четь Дня Республики - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" сквері аумағынан тамашалауға болады
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта отшашу болады. Салют шамамен сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін іске қосылады.
"Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет", - деп хабарлады елорда әкімдігі.
Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" сквері аумағынан тамашалауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).
Жаңалықтар
0