Алтынкөл станциясына Қытайдан локомотивтер жеткізілді

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" ҚТЖ мен CRRC келісімі аясында алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына келді
ҚТЖ мен CRRC келісімі аясында алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
Президент Тоқаевтың Қытайға өткен жылғы сапары кезінде локомотивтердің екі түрін – маневрлік және магистралды локомотивтерді әкелу туралы келісімге қол жеткізілген болатын
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен CRRC арасындағы келісім бойынша алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына мерзімінен бұрын келді, деп хабарлады ұлттық компания.
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" ҚТЖ мен CRRC келісімі аясында алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына келді
Первые маневровые локомотивы в рамках соглашения КТЖ и CRRC
досрочно поступили на станцию Алтынколь - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі аясында алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына келді
"Алтынкөл станциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2023 жылдың 17 қазанында қол қойылған қытайлық CRRC компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім бойынша мерзімінен бұрын алынған алғашқы маневрлік тепловоздарды қабылдау рәсімі өтті", - делінген хабарламада.
Келісімге сәйкес, Қазақстанға 100 маневрлік және 100 магистральдық тепловоз келеді, сонымен қатар сервистік орталықтар мен машина жасау орталығын ашу жоспарланып отыр.
"Маневрлік тепловоздардың конструкциялық және тарту параметрлері жақсартылған", - делінген хабарламада.
Олар Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып салынған және -40°С-тан +50°С-қа дейінгі температурада жұмыс істеуге қабілетті, деп хабарлады компания. Салмағы 135 тонна.
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" ҚТЖ мен CRRC келісімі аясында алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына келді
Первые маневровые локомотивы в рамках соглашения КТЖ и CRRC
досрочно поступили на станцию Алтынколь - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі аясында алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына келді
Дизельдік генератор қондырғы Қазақстанда қабылданған экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
"Қазақстан темір жолы" мен Қытайдың CRRC корпорациясы арасындағы ынтымақтастықтың тарихы 20 жылдан астам уақытқа созылады және бүгінде ол жаңа деңгейге көтерілуде", - деп мәлімдеді компаниядағылар.
"Қазақстан темір жолы" компаниясының хабарлауынша, ынтымақтастық аясында жаңа буынды гибридті тепловозды жобалау жұмыстары аяқталып қалды, ол 2025 жылы шығарылмақ.
CRRC Corporation Limited - әлемдік локомотив нарығының шамамен 50% иеленетін әлемдегі ең ірі теміржол көлігін өндіруші.
Жаңалықтар
0