Алты теңгеге қымбаттаған: Шымкентте бір аптадан бері автогаз тапшы

© Sputnik / Тимур БатыршинГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Шымкентте бір аптадан бері автогаз тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды КТК.
Көлігіне көгілдір отын іздеген жүргізушілер бағаның бірден алты теңгеге қымбаттап кеткенін айтады.
"Кейбір бекетте сағаттап күтеміз. Ал үш күннен бері тіпті проблема болды. 1 шілдеден жақсы болады деген, сонда да төрт сағаттай кезекте тұрмыз", - дейді көлік жүргізуші Мақсат Оспанов

Шымкенттегі автогаз құятын 167 бекеттің басым көпшілігінде соңғы күндері мүлдем газ жоқ. Ал сұйық отын қоры қалғандары там-тұмдап сатуда. Қаздай тізілген көліктер сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Қаладағы автогазға жауаптылар да соңғы күндері тапшылық болғанын мойындайды.
Шымкент қаласы ай сайын тоғыз жарым мың тонна газ тұтынады. Бірақ қазір небәрі алты жарым мың тонна сұйық отын жеткізілуде, дейді энергетика басқармасындағылар. Бірақ бүгіннен бастап газ құю бекеттеріне автогаз жеткізіледі деп уәде берді.
"Ақтөбе Мұнайгаздан" келуі, жолы, графикке қойылуы бар. Соның бәрі 30 шілдеде келді, 20 вагон. Үш күнде қалған 43 вагон келе жатыр. Жалпы 2052 тонна бөлінген. Шілдеден бастап, өзімізге бекітілген көлем бар. Өзіміздің "ПетроҚазақстаннан" түнгі 12-ден бастап бөлініп, шығып жатыр, кесте бойынша", - дейді Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Ілияс Есжанов.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Қазақстанда автогаз арзан, сала шығынға ұшырап жатыр – министр
Жаңалықтар
0