Алматыда қоғамдық көліктің жолақасы көтерілуі мүмкін

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтомобили на дорогах Алматы
Автомобили на дорогах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 20 теңгеге көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Жүргізуші ақша жинауға алаңдамауы және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жолақысын қолма-қол ақшамен төлеуді алып тастау ұсынылды.
Қазір тариф қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге.
Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф олардың шығынын өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеген. Қалалық мобилділік басқармасы қазір жол жүру құны 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңге екенін атады. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсіп отыр.
Қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өседі, бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс болуы мүмкін. Жаңа тариф субсидияны 7 млрд теңгеден астамға қысқартады, бұл қала тұрғындарының жол жүру жағдайын жақсартуға бағытталады. Әзірге жоба талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Жаңалықтар
0