"Үлкен әсер алдым": Тоқаев Қытаймен бірлескен жобаның тиімділігін ерекше атап өтті

© Sputnik / Владислав ВодневКонференция по казахстанско-китайскому сотрудничеству
Конференция по казахстанско-китайскому сотрудничеству  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Жазылу
Тоқаев Қытайдың жетекші техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға барлық жағдай жасауға дайын екенін жеткізді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен бірлескен жобаның тиімділігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшысының айтуынша, екі жақты байланыстарды күшейту жолында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың рөлі зор. Мәселен, биыл Бейжіңде Қазақстан туризмі жылы ашылды. Оның алдында туризм мен инвестициялар форумы ұйымдастырылды. Ал туристік жәрмеңкеде Қазақстанның барлық аймағы таныстырылды.
Қазақстан туризмі жылы аясында ҚХР-да 35 сан алуан шара өткізу жоспарланып отыр. Екі елде мәдени орталықтар да құрылады. Бұның барлығы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа тың серпін беруі керек.
"Биыл ақпан айында мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің негізінде құрылған алғашқы "Лу Бань шеберханасына" бардым. Мен Қазақстан автоөнеркәсібі үшін жоғары білікті инженерлік және техникалық мамандарды даярлауға арналған заманауи зертханалардан үлкен әсер алдым. Біз ондай зертханаларды өз елімізде көптеп ашуға мүдделіміз", - деді Тоқаев Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында.
Осы орайда президент дайындықтан өткен мамандардың бірлескен жобаларды тиімді іске асыруға өз септігін тигізетініне сенім білдірді. Айта кетері, "Лу Бань шеберханасы" Қазақстан мен Қытай басшыларының бастамасымен ашылған болатын.
Бұдан бөлек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің базасында Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды. Тоқаев Қытайдың жетекші техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға барлық жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.
Владимир Путин принял участие в церемонии официальной встречи Председателем Китайской Народной Республики Си Цзиньпином и Пэн Лиюань глав делегаций – участников III Международного форума Один пояс, один путь. - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Өткен жылы Қытай Қазақстанға 2 миллиард доллар инвестиция салды
Жаңалықтар
0