https://sputnik.kz/20240701/qyrgyzstanda-selden-koz-zhumgan-balalardyn-deneleri-oskemenge-zhetkizildi-45317891.html
Қырғызстанда селден көз жұмған балалардың денесі Өскеменге жеткізілді
Қырғызстанда селден көз жұмған балалардың денесі Өскеменге жеткізілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 шілде - Sputnik. Қырғызстанда көз жұмған 4 баланың денесі Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. 01.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-01T10:55+0500
2024-07-01T10:55+0500
2024-07-01T11:37+0500
қырғызстан
сел
https://sputnik.kz/img/07e8/07/01/45318246_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_442120efd86a7d26b753db73aeaca686.jpg
АЛМАТЫ, 1 шілде - Sputnik. Қырғызстанда көз жұмған 4 баланың денесі Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындары мен туристер арасында көз жұмғандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар.Өңір басшысы Ермек Көшербаев көз жұмған балалардың туыстарымен кездесті. Жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуді өз мойнына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.Еске салсақ, 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауған жаңбырдың салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел жүріп, тұрғындар мен туристер құрбан болды. Барлығы тоғыз адам көз жұмды. Оның ішінде төрт қазақстандық бар, төртеуі де бала.
https://sputnik.kz/20240629/qyrgyzstanda-sel-zhurdi-7-adam-qaza-tauyp-1300-adam-su-astynda-qaldy--45297178.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/01/45318246_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_89305ab9e02dba306e2f317ef8343ab2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, сел
Қырғызстанда селден көз жұмған балалардың денесі Өскеменге жеткізілді
10:55 01.07.2024 (жаңартылды: 11:37 01.07.2024) АЛМАТЫ, 1 шілде - Sputnik. Қырғызстанда көз жұмған 4 баланың денесі Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындары мен туристер арасында көз жұмғандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар.
"Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Бүгін қаза тапқандардың денесін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметінің мамандары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев көз жұмған балалардың туыстарымен кездесті. Жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуді өз мойнына алды.
Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Еске салсақ, 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауған жаңбырдың салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел жүріп, тұрғындар мен туристер құрбан болды. Барлығы тоғыз адам көз жұмды. Оның ішінде төрт қазақстандық бар, төртеуі де бала.