ЕАЭО агроөнеркәсібінің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Жазылу
Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі қойма инфрақұрылымына қатысты
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. ЕАЭО аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сатуда цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ олармен байланысты логистика бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияда "Цифрлық инфрақұрылымды дамыту одақтың азық-түлік қауіпсіздігінің факторы іспеттес" атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.
Қойма инфрақұрылымының жай-күйі, көтерме-тарату орталықтарының еуразиялық желісін құру, цифрлық шешімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарын, оның ішінде шағын шаруашылықтарды цифрлық қолдау шаралары өзекті тақырыптар ретінде талқыланды.
"Одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдерімен және азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейінің 93% көлемінде жоғары екеніне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық және физикалық инфрақұрылымын дамытудың айтарлықтай әлеуеті бар. Саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өзара сауда және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін ұлғайту үшін транспарентті көлік-логистикалық тізбекті құру және қойма қуатының көлемін арттыру қажет", - деді ЕЭК агроөнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Армен Арутюнян.
"Сауда келісімдері бойынша серіктестерімізбен жұмысымыздың бір бөлігі ретінде біз салалық ынтымақтастықтың тиісті тарауларында бекітілген ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ саудадағы кедергілер және шектеулерді жоюға үлкен мән береміз. Бізде Қытай және Иранмен арада осындай өзара әрекеттесу арналары қазірдің өзінде бар", - деді ЕЭК сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков.
Комиссия өкілдері ЕАЭО кеңістігінде цифрлық инфрақұрылымды дамытуда мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың күш-жігерін біріктіру қажеттілігіне назар аударды.
Талқылау қорытындысы бойынша бизнес пен ғылым өкілдері ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға қызығушылық танытты.
Жаңалықтар
0