5,5 процентке әлсіреді: Ұлттық банк теңге бағамы туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневДоллар и тенге
Доллар и тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Маусым айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 471,84 теңгеге дейін 5,5%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 251 млн АҚШ долларынан 183 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд АҚШ долларын құрады.
"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін маусым айында 420 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ын және күніне 21 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл – шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін маусымда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 293 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 8%-ын құрады.
Ұлттық Банк маусымда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы шілдеде Ұлттық Банк Ұлттық қордан 450 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.
2024 жылғы шілдеде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 250 млн АҚШ долларынан 350 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтілуде.
Жаңалықтар
0