Жаңбыр, бұршақ, дауыл: ертең ауа райы қандай болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевИюньский ливень с градом в Астане
Июньский ливень с градом в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 маусым - Sputnik. ҚР аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының құбылмалы сипатын сақтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек елдің батысында жауын шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанып отыр.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде және Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

1 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шығып, бұршақ жауады. Оңтүстік батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, түнде 21-23 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, өтпелі жауын жауады. Жауын кезінде шығыстан жылдамдығы 13 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градусты көрсетеді.

Шымкентте жаңбыр жаумайды, түнде 19-21, күндіз 30-32 градус ыстық болады.
Жаңалықтар
0