Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекті құттықтады

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі
"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібилігі мен жұмысына деген адалдығының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!", - деді Саясат Нұрбек.
11 жыл үздік оқыған түлек – "Алтын белгіге" үміткер. Ол ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Алматы облысының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
Жаңалықтар
0