https://sputnik.kz/20240630/alayaqtar-madeniet-ministri-atynan-qonyrau-shalyp-zhur--45313207.html
Алаяқтар мәдениет министрі атынан қоңырау шалып жүр
Алаяқтар мәдениет министрі атынан қоңырау шалып жүр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Қазақстанның мәдениет министрі Аида Балаеваның атынан соңғы уақытта мәдениет қайраткерлеріне "түрлі сұрақтармен" қоңырау шалу... 30.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-30T19:01+0500
2024-06-30T19:01+0500
2024-06-30T19:01+0500
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44774505_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_8164c91ba5263cc97205baaf83901729.jpg
АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Қазақстанның мәдениет министрі Аида Балаеваның атынан соңғы уақытта мәдениет қайраткерлеріне "түрлі сұрақтармен" қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кеткен."Біз мұндай хабарламаларды алаяқтық деп мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді", - делінген хабарламада.Ақша сұраған жағдайлар болған-болмағанын министрлік нақтыламады.Мұндай хабарламалар алынған жағдайда:Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарды алаяқтық фактілері туралы ескерткен болатын, олардың айтуынша белгісіз адамдар агенттік қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңырау шалады.Ведомство алаяқтардың адамдарды алдау әрекеттерінің бірі туралы видео да жариялады."Қағазды, қаламды алыңыз, қажетті әрекеттерді жазыңыз. Сіздің жеке деректеріңіз қылмыстық іс жүргізуден өтеді", - деп хабарлайды телефон арқылы дауыс.Қазақстандыққа оның "дербес деректері" арқылы қаражат аударымдары жүргізілгені хабарланды. Кейбір "адал емес ұйымдарға" бюджет қаражатын аудару арқылы қылмыстық іс ашылды деген болжам бар."Сіздің тікелей басшыңыздың оған қатысы бар екендігі туралы жедел деректер бар. Қылмыстық іске сіздің қатысыңыз жоқ екенін анықтау үшін дәлелдер базасын жинау керек", - дейді жалған антикор қызметкері қатқыл дауыспен.Ол сондай-ақ өзін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі" ретінде таныстырады және басқарманың мекенжайын атайды.Антикор жалған ақпараттық бюллетеньге сенбеуді, күмәнді сілтемелерге бармауды, сондай-ақ ақша аудармауды ескертеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44774505_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_9c8f4c86f544469326536e0735417b6a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ
АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Қазақстанның мәдениет министрі Аида Балаеваның атынан соңғы уақытта мәдениет қайраткерлеріне "түрлі сұрақтармен" қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кеткен.
"Біз мұндай хабарламаларды алаяқтық деп мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді", - делінген хабарламада.
Ақша сұраған жағдайлар болған-болмағанын министрлік нақтыламады.
"Сізден қырағы болуыңызды және алаяқтармен хат алмаспауыңызды сұраймыз", - деді министрлік.
Мұндай хабарламалар алынған жағдайда:
Оларды елемеу және жауап бермеуді,
Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды ескертті.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарды алаяқтық фактілері туралы ескерткен болатын, олардың айтуынша белгісіз адамдар агенттік қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңырау шалады.
Ведомство алаяқтардың адамдарды алдау әрекеттерінің бірі туралы видео да жариялады.
"Қағазды, қаламды алыңыз, қажетті әрекеттерді жазыңыз. Сіздің жеке деректеріңіз қылмыстық іс жүргізуден өтеді", - деп хабарлайды телефон арқылы дауыс.
Қазақстандыққа оның "дербес деректері" арқылы қаражат аударымдары жүргізілгені хабарланды. Кейбір "адал емес ұйымдарға" бюджет қаражатын аудару арқылы қылмыстық іс ашылды деген болжам бар.
"Сіздің тікелей басшыңыздың оған қатысы бар екендігі туралы жедел деректер бар. Қылмыстық іске сіздің қатысыңыз жоқ екенін анықтау үшін дәлелдер базасын жинау керек", - дейді жалған антикор қызметкері қатқыл дауыспен.
Ол сондай-ақ өзін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі" ретінде таныстырады және басқарманың мекенжайын атайды.
Антикор жалған ақпараттық бюллетеньге сенбеуді, күмәнді сілтемелерге бармауды, сондай-ақ ақша аудармауды ескертеді.