Қазақстандағы ең үлкен футбол аренасы Шымкентте салынады

© Sputnik / Владислав ВодневДоп
Доп - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Жазылу
Жаңа нысанды екі жыл ішінде - 2026 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарлануда
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен стадион салынып жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Жаңа нысанға 35 мың көрермен сыяды.
Бүгінгі таңда еліміздің ең үлкен стадион – "Астана арена", оған 30 мың көрермен сыяды.
Шымкентте қазір Қажымұқан атындағы орталық стадион жұмыс істеп тұр, ол 18 мың адамға арналған және 1969 жылы салынған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін орталық стадион қайта жаңартылатынын айтқан болатын. Жаңа нысанды екі жыл ішінде - 2026 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарлануда.
Джанлуиджи Буффон – италиялық футболшы, Парма клубының қақпашысы және капитаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Фото
Әлемдік футбол тарихындағы үздік 10 қақпашы – фото
Жаңалықтар
0