https://sputnik.kz/20240628/eaeo-elderi-qarzhy-salasyndagy-zannamany-uylestiru-maselesin-talqylady-45294547.html
ЕАЭО елдері қаржы саласындағы заңнаманы үйлестіру мәселесін талқылады
ЕАЭО елдері қаржы саласындағы заңнаманы үйлестіру мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
Нарық қатысушыларына қойылатын талаптарды біріздендіру басты тақырып болды 28.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-28T20:35+0500
2024-06-28T20:35+0500
2024-06-28T20:35+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_d6361e0c4e0d3ed48406c2c1ae0fbc8c.jpg
АСТАНА, 28 маусым - Sputnik. Ереванда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарығы жөніндегі консультативтік комитетінде ортақ қаржы нарығына қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындайтын заңнаманы үйлестіру тәсілдері талқыланды. Отырыс ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өтті.Нарық субъектілеріне қойылатын талаптарды біріздендіру, оның ішінде жарғылық капитал мен жеке қаржының көлемі, сондай-ақ несиелік қатынастарды ресімдеу және ортақ қаржы нарығында қызмет көрсету кезіндегі трансшекаралық өзара іс-қимылдар басты тақырып болды.Сондай-ақ Консультативтік комитет мүшелері 2021 жылғы 21 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде несиелік тарихқа енгізілген ақпарат алмасу тәртібі туралы келісімнің іске асырылу барысын қарады."Келісім қаржы нарығына қатысушылар арасындағы трансшекаралық өзара іс-қимылдың құқықтық негізін құрайды, Одақтың басқа мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан банктерден несиелік ресурстарға өтініш берген кезде біздің елдердің резиденттері үшін тең шарттарды қамтамасыз етеді және әлеуетті қарыз алушылардың несиелік тәуекелін анықтау және бағалау үшін қолжетімді құралды ұсынады", - деп атап өтті ЕЭК министрі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_253e9ce90d606ae436bba6c30a15cc3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдері қаржы саласындағы заңнаманы үйлестіру мәселесін талқылады
Нарық қатысушыларына қойылатын талаптарды біріздендіру басты тақырып болды
АСТАНА, 28 маусым - Sputnik. Ереванда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарығы жөніндегі консультативтік комитетінде ортақ қаржы нарығына қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындайтын заңнаманы үйлестіру тәсілдері талқыланды. Отырыс ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өтті.
Нарық субъектілеріне қойылатын талаптарды біріздендіру, оның ішінде жарғылық капитал мен жеке қаржының көлемі, сондай-ақ несиелік қатынастарды ресімдеу және ортақ қаржы нарығында қызмет көрсету кезіндегі трансшекаралық өзара іс-қимылдар басты тақырып болды.
"Банк және сақтандыру секторындағы, бағалы қағаздар нарығындағы заңнаманы үйлестіру Одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға бағытталған. Қаржы нарығын реттеу мен қадағалаудың үйлестірілген талаптарын белгілеу капиталдың еркін қозғалысының маңызды шарттарының бірі саналады", - деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ Консультативтік комитет мүшелері 2021 жылғы 21 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде несиелік тарихқа енгізілген ақпарат алмасу тәртібі туралы келісімнің іске асырылу барысын қарады.
"Келісім қаржы нарығына қатысушылар арасындағы трансшекаралық өзара іс-қимылдың құқықтық негізін құрайды, Одақтың басқа мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан банктерден несиелік ресурстарға өтініш берген кезде біздің елдердің резиденттері үшін тең шарттарды қамтамасыз етеді және әлеуетті қарыз алушылардың несиелік тәуекелін анықтау және бағалау үшін қолжетімді құралды ұсынады", - деп атап өтті ЕЭК министрі.