Депутаттар каникулға кетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 маусым - Sputnik. Бүгін сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясы аяқталды. Екі палата депутаттары парламенттік каникулға кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, депутаттары осы сессияны “толық әрі табысты” атқарып шықты. Парламенттің екі палатасы 179 заң жобасын қарап, 102-сі қабылдады. Осы орайда спикер республикалық бюджетті ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік төлемдері, дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданды.
Биылдан бастап “Ұлттық қор - балаларға” жобасы аясында алғашқы төлемдер беріле бастады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға өзгерістер енгізілді. Кредит беру кезінде қауіп-қатерлерді барынша төмендетуді көздейтін заң қабылданды.
“Осы қадам халықтың қаржылық қарызын төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, біз банк пен қаржы ұйымдарының мүддесін емес, халықтың мүддесін қорғайтын заңды қабылдадық”,- деді Қошанов.
Сондай-ақ, депутаттар букмекерлік конторалардың жұмысына қатысты шектеулер енгізілді. Қазақстанда вейптерге тыйым салынды. Вандализмге қарсы заң күшейтілді.
Қошанов жылда қайталанатын кемшіліктерді де атады. Соның салдарынан заң қабылдау жұмысы ұзаққа созылып жатады. Мәселен, Су кодексін созбалаңға салып жіберді. Ал құрылыс кодексін тағы пысықтап, қайта жазып шығу қажет. Парламентке Салық кодексі әлі енгізілген жоқ.
Жаңалықтар
0