https://sputnik.kz/20240628/birneshe-onirde-zhumysqa-ornalastyru-boyynsha-zhana-zhoba-iske-qosyldy-45290895.html
Бірнеше өңірде жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды
Бірнеше өңірде жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Астана қаласында жүзеге асып жатқан "Jol Tap" жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды, деп... 28.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-28T17:30+0500
2024-06-28T17:30+0500
2024-06-28T17:31+0500
жұмыс
https://sputnik.kz/img/1154/37/11543762_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_0a9afb198db6d39eeede0250698d2b0a.jpg
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Астана қаласында жүзеге асып жатқан "Jol Tap" жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Оның аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізіледі, сондай-ақ тегін қысқа мерзімді оқыту курстары ұсынылады және жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа орналастырылады.Қарағанды облысында жоба 25 маусымнан бастап жүзеге асуда. 4 кеңес беру пункті ашылды. 3-еуі облыс орталығында, 1-і Теміртау қаласында орналасқан. Мұнда арнайы оқытылған 8 маман қызмет көрсетеді.Оның айтуынша, әкімдік көмекке жүгінген азаматтарға 5 колледж базасында қысқа мерзімді оқу курстарын ұсынып отыр. 1 тамыздан бастап меңгеретін мамандықтардың күрделілігіне қарай ұзақтығы 5-30 күн аралығындағы курстар ұйымдастырылады. Соңында сертификат табысталып, жұмысқа орналастырылады.Алматы жобасы аясында құрылған Telegram-бот өзіндік ақпараттық жүйе іспетті. Мұнда жазған азаматқа бірден бос жұмыс орындары мен тегін онлайн-курстар тізбесі ұсынылады. Ол үшін бот "jasalmaty.kz" жастар порталымен интеграцияланған. Қызметтер азаматтарға проактивті режимде ұсынылады.Шымкентте жоба 25 мамырдан бастап жүзеге асырылып жатыр. Осы уақыт аралығында 10 кеңес беру пунктінде 183 азамат түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің сөзінше, олардың біразы әлеуметтік көмек алушылар тізіміне тіркелсе, енді бірі тұрғын үй кезегіне қойылды. Бірқатар азамат кәсіптік оқыту шараларымен қамтылды.Ақтөбе облысында жоба арқылы жұмысқа орналастырудың 2 нұсқасы жүзеге асырылмақ. Облыстың жастар саясаты басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетовтің сөзінше, бүгінде өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде 40 кәсіпкер жобаға қатысушылар үшін шеберлік сағаттарын өткізіп, кейін оларды жұмысқа орналастыруға келіскен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1154/37/11543762_313:0:3044:2048_1920x0_80_0_0_1a1cffc07fe013a3bb6dca2e9f9b895e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Астана қаласында жүзеге асып жатқан "Jol Tap" жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Оның аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізіледі, сондай-ақ тегін қысқа мерзімді оқыту курстары ұсынылады және жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа орналастырылады.
Қарағанды облысында жоба 25 маусымнан бастап жүзеге асуда. 4 кеңес беру пункті ашылды. 3-еуі облыс орталығында, 1-і Теміртау қаласында орналасқан. Мұнда арнайы оқытылған 8 маман қызмет көрсетеді.
"Жоба шеңберінде 15 маусымда комьюнити-орталық ашылды. Мұнда жастар үшін дыбыс және подакст жазу студиялары жұмыс істейді. Яғни, оларға креативті өнім шығаруға қатысты тренингтер ұйымдастырылып, дағдыларды игеруге мүмкіндік беріледі", — деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов.
Оның айтуынша, әкімдік көмекке жүгінген азаматтарға 5 колледж базасында қысқа мерзімді оқу курстарын ұсынып отыр. 1 тамыздан бастап меңгеретін мамандықтардың күрделілігіне қарай ұзақтығы 5-30 күн аралығындағы курстар ұйымдастырылады. Соңында сертификат табысталып, жұмысқа орналастырылады.
Алматы жобасы аясында құрылған Telegram-бот өзіндік ақпараттық жүйе іспетті. Мұнда жазған азаматқа бірден бос жұмыс орындары мен тегін онлайн-курстар тізбесі ұсынылады. Ол үшін бот "jasalmaty.kz" жастар порталымен интеграцияланған. Қызметтер азаматтарға проактивті режимде ұсынылады.
Шымкентте жоба 25 мамырдан бастап жүзеге асырылып жатыр. Осы уақыт аралығында 10 кеңес беру пунктінде 183 азамат түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің сөзінше, олардың біразы әлеуметтік көмек алушылар тізіміне тіркелсе, енді бірі тұрғын үй кезегіне қойылды. Бірқатар азамат кәсіптік оқыту шараларымен қамтылды.
Ақтөбе облысында жоба арқылы жұмысқа орналастырудың 2 нұсқасы жүзеге асырылмақ. Облыстың жастар саясаты басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетовтің сөзінше, бүгінде өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде 40 кәсіпкер жобаға қатысушылар үшін шеберлік сағаттарын өткізіп, кейін оларды жұмысқа орналастыруға келіскен.