https://sputnik.kz/20240628/aziya-balalary-oyyndarynyn-algashqy-zhenimpazdary-marapattaldy-45290131.html
"Азия балалары" ойындарының алғашқы жеңімпаздары марапатталды
"Азия балалары" ойындарының алғашқы жеңімпаздары марапатталды
Sputnik Қазақстан
Жалпы "Азия балалары" ойындарында 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы сарапқа салынады деп жоспарлануда 28.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-28T16:54+0500
2024-06-28T16:54+0500
2024-06-28T16:54+0500
спорт
балалар
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1c/45286878_0:67:1279:786_1920x0_80_0_0_71023a41da7852435d840f4fee48b443.jpg
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Якутск қаласындағы VIII Азия балалары ойындарының мәдени саябағында спорттың екі түрінен - самбо және таэквондодан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыс етілді, деп хабарлайды "Азия балалары" халықаралық комитеті.Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттарды "Азия балалары" халықаралық комитетінің бас директоры Гаврил Цыпандин мен Якутияның инновациялар, цифрлық даму және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Василий Ефимов табыстады.Ұлдар арасында чемпион атанғандар:Қыздар арасында жеңімпаз атанғандар:Қазақстандық Қарақат Рахибай (44 кг) мен Гүлзесім Тырлұбек (65 кг) медальдар үшін тартыста өз санаттарында үшінші орынды иеленді.Үздік таэквондошыларға марапаттарды V "Азия балалары" ойындарының Олимпиада чемпионы Фаннапа Харнсуджин мен Якутия дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары Гаврил Мохначевский табыстады.Ұлдар арасында чемпион атанғандар:Қазақстандық Бекет Болатұлы да 63 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені иеленді.Қыздар арасында жеңімпаз атанғандар:Спорттың бұл түрінен қазақстандық Айсұлу Жаңабай 63 келіден жоғары салмақта команда қоржынына тағы бір қола жүлдені әкелді.Якутск қаласында 26 маусымда VIII "Азия балалары" ойындары ашылды. Барлығы 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығын сарапқа салу жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1c/45286878_71:0:1208:853_1920x0_80_0_0_87b5ffe8cefaf70b928342d562e6cb51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар
"Азия балалары" ойындарының алғашқы жеңімпаздары марапатталды
Жалпы "Азия балалары" ойындарында 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы сарапқа салынады деп жоспарлануда
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Якутск қаласындағы VIII Азия балалары ойындарының мәдени саябағында спорттың екі түрінен - самбо және таэквондодан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыс етілді, деп хабарлайды "Азия балалары" халықаралық комитеті.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттарды "Азия балалары" халықаралық комитетінің бас директоры Гаврил Цыпандин мен Якутияның инновациялар, цифрлық даму және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Василий Ефимов табыстады.
Ұлдар арасында чемпион атанғандар:
49 кг - Савелий Семениченко (Қиыр Шығыс федералды округі),
58 кг - Данил Чабан (Қиыр Шығыс федералды округі),
79 кг - Енхзориг Енхнаирамдал (Моңғолия Республикасы).
Қыздар арасында жеңімпаз атанғандар:
44 кг - Алина Башарова (Орал федералды округі),
54 кг - Анна Галай (Орал федералды округі),
65 кг - Варвара Малова (Сібір федералды округі).
Қазақстандық Қарақат Рахибай (44 кг) мен Гүлзесім Тырлұбек (65 кг) медальдар үшін тартыста өз санаттарында үшінші орынды иеленді.
Үздік таэквондошыларға марапаттарды V "Азия балалары" ойындарының Олимпиада чемпионы Фаннапа Харнсуджин мен Якутия дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары Гаврил Мохначевский табыстады.
Ұлдар арасында чемпион атанғандар:
48 кг - Бехруз Салимов (Өзбекстан),
55 кг – Омадбек Отабеков (Өзбекстан),
63 кг дейін - Васиф Салимов (Әзербайжан).
Қазақстандық Бекет Болатұлы да 63 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені иеленді.
Қыздар арасында жеңімпаз атанғандар:
63 кг - Самира Мукшина (Мәскеу),
63 кг жоғары - Полина Михальчук (Беларусь Республикасы).
Спорттың бұл түрінен қазақстандық Айсұлу Жаңабай 63 келіден жоғары салмақта команда қоржынына тағы бір қола жүлдені әкелді.
Якутск қаласында 26 маусымда VIII "Азия балалары" ойындары ашылды. Барлығы 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығын сарапқа салу жоспарланып отыр.