Әлеуметтік қордан 50 мың теңге төленетіні туралы ақпарат тарады – министрлік не дейді

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Жазылу
Желіде белгісіз адамдар қаражатты алу үшін сілтемеге өтуді ұсынған
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 50 мың теңге төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомство.
Министрлік әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін ескертті.
"Хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетері, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.
Жаңалықтар
0