https://sputnik.kz/20240627/qazaqstan-sadyqovqa-qastandyq-zhasady-dep-ayyptalgan-kudiktilerdi-kievke-bermeydi-45270429.html
Қазақстан Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінген азаматтарын Киевке бермейді
Қазақстан Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінген азаматтарын Киевке бермейді
Sputnik Қазақстан
Бұл жалпы қағидат: Қазақстан өз азаматтарын басқа мемлекеттерге бермейді 27.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-27T19:28+0500
2024-06-27T19:28+0500
2024-06-27T20:17+0500
мәулен әшімбаев
қазақстан
блогер
https://sputnik.kz/img/343/09/3430902_0:73:2016:1207_1920x0_80_0_0_1a0f5e6e2177ca514b30fb9eff64c382.jpg
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Қазақстан Украинаға блогер Садықовқа қастандық жасады деп айыпталған азаматтарын бермейді, деп мәлімдеді сенат спикері Мәулен Әшімбаев."Біздің республика азаматтарымыздың құқықтарына басымдық береді. Сондықтан мұндай жағдайларда заңдарға сәйкес қазақстандық азаматтарды бермейді. Бұл жалпы қағидат: Қазақстан өз азаматтарын басқа мемлекеттерге бермейді", - деді Әшімбаев.Бұған дейін Әшімбаев Украинадағы блогер Айдос Садықовты құртуға Қазақстанның мүдделі екендігі туралы мәлімдемені "арандатушылық және инсинуация" деп атаған болатын.Садықовтың жұбайы Қазақстан билігіне үнемі айып тағады (оған да отанында алауыздық тудырды деген күдікпен іздеу жарияланған).Садықов 2014 жылдан бастап Киевте тұрады. Ол өз Отанында ұлтаралық және әлеуметтік алауыздықты қоздырды деген күдікпен іздестірілген. 18 маусымда Садықовқа бірнеше рет оқ атылды. Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы блогер Садықовқа қастандық жасады деген бір күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын."Жақанбаев 21 маусымда Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына өз бетінше жүгінді, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды", - делінген хабарламада.Екінші күдікті Қаратаевтың орналасқан жерін анықтау үшін прокуратура жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлады қадағалау органы.
https://sputnik.kz/20240622/kievte-zhurnalist-aydos-sadyqovqa-qastandyq-zhasagan-adam-ustaldy-45136093.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/343/09/3430902_156:0:1861:1279_1920x0_80_0_0_96ff278740185021306c92036b3154b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәулен әшімбаев, қазақстан, блогер
мәулен әшімбаев, қазақстан, блогер
Қазақстан Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінген азаматтарын Киевке бермейді
19:28 27.06.2024 (жаңартылды: 20:17 27.06.2024) Бұл жалпы қағидат: Қазақстан өз азаматтарын басқа мемлекеттерге бермейді
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Қазақстан Украинаға блогер Садықовқа қастандық жасады деп айыпталған азаматтарын бермейді, деп мәлімдеді сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
"Біздің республика азаматтарымыздың құқықтарына басымдық береді. Сондықтан мұндай жағдайларда заңдарға сәйкес қазақстандық азаматтарды бермейді. Бұл жалпы қағидат: Қазақстан өз азаматтарын басқа мемлекеттерге бермейді", - деді Әшімбаев.
Бұған дейін Әшімбаев Украинадағы блогер Айдос Садықовты құртуға Қазақстанның мүдделі екендігі туралы мәлімдемені "арандатушылық және инсинуация" деп атаған болатын.
"Қазақстан журналисті құртуға мүдделі деген қандай да бір мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және бұл Қазақстанды қандай да бір геосаяси ойындарға тарту үшін тікелей арандату болып саналады", - деді Мәулен Әшімбаев.
Садықовтың жұбайы Қазақстан билігіне үнемі айып тағады (оған да отанында алауыздық тудырды деген күдікпен іздеу жарияланған).
Садықов 2014 жылдан бастап Киевте тұрады. Ол өз Отанында ұлтаралық және әлеуметтік алауыздықты қоздырды деген күдікпен іздестірілген. 18 маусымда Садықовқа бірнеше рет оқ атылды. Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы блогер Садықовқа қастандық жасады деген бір күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын.
"Жақанбаев 21 маусымда Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына өз бетінше жүгінді, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды", - делінген хабарламада.
Екінші күдікті Қаратаевтың орналасқан жерін анықтау үшін прокуратура жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлады қадағалау органы.