Қазақстан президенті билікті сынайтындарға кеңес берді

© Photo : Polisia.kzЖурналисты
Журналисты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікті сынайтындарға жағдайды ушықтырмауға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Ақордада БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімінде президент қазіргі өзекті проблемалар жөнінде шынайы көзқарас қалыптастырып, ашық пікір алмасу маңызды екенін ерекше атап өтті. Тоқаев алдамшы жеңістер мен жетістіктерге әуестенудің қауіпін де жақсы түсінетінін жеткізді. Оның айтуынша, "өз-өзіңді алдауға, мадақтауға болмайды, бұл – ыдырауға және құлдырауға әкеп соқтыратын төте жол".
"Сонымен қатар сөз бостандығына арқа сүйеп, елімізде ештеңе өзгермейді-мыс, ахуал мүшкіл деп жағдайды үнемі ушықтыра беру қажет емес. Бұл шындыққа сай келмейді. Кемшіліктер бар, бірақ жағдай тым мүшкіл емес. Мұндай ақпарат адамдарға көмектеспейді, керісінше оларды күйзеліске ұшыратып, қоғамда апатия тудырады", - деді мемлекет басшысы.
Ал оң өзгерістер – көбіне күнделікті қажырлы еңбекті талап ететін дамылсыз жұмыстың нәтижесі. Ол сырт көзге байқала бермейді.
"Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Өйткені бұл – мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі. Біз Әділетті Қазақстан құруға ұмтыламыз. Бұл – бос идеологиялық абстракция емес, шынайы жалпыұлттық таңдау. Біз зор сенім артып, күш-қуатымызды аянбай жұмсайтын асқақ мұрат түбі шындыққа айналады",- деп атап көрсетті ол.
Тоқаевтың айтуынша, Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер, аңыздағы қаһармандар емес, қарапайым еңбеккерлер мен адал азаматтар жасайды. Осындай адамдарды жан-жақты насихаттау қажет. Заманымыздың нағыз батырлары және ұлтымыздың сенімді тірегі – солар.
Жаңалықтар
0